Тайсон Фьюри боксқа қайта оралатынын хабарлады

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің чемпионы Тайсон Фьюри бокстағы мансабын қайта жалғастыратынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.ru порталына сілтеме жасап.

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің әлем чемпионы Тайсон Фьюри спорттағы мансабын қайта жалғастыруда. Бұл туралы ол WBC агенттігіне хабарлады.

Фьюри мансабын аяқтау туралы шешімді 2022 жылдың сәуірінде Диллиан Уайтты жеңгеннен кейін қабылдады. Алайда, украиналық Александр Усик Энтони Джошуаны жеңгеннен кейін көп ұзамай «сыған королі» Украина өкілімен біріктіретін шайқасқа мүдделі екенін анық білдірді.

Бұл жекпе-жек үшін Фьюри рекордтық гонорар 150 миллион еуро талап етіп отыр.

Comments (0)
Add Comment