Таэквондодан өткен тартысты турнир

Ел басына екіталай күн туғанда азаттық үшін атқа қонған батырларымыз аз емес. Олардың есімі бүгінде ұрпаққа ұран.Солардың бірі – ерлігімен даңқы шыққан әрі шешен Сеңкібай батыр.

Күні кеше «Тараз-Арена» спорт кешенінде Сеңкібай батырдың 320 жылдығына арналған республикалық ашық турнир өтті. Бұл шараның өтуіне белгілі кәсіпкер Алтай Қарабековтың демеушілік жасаса, Мұратбек Азимов, Серік
Салимов секілді белсенді азаматтар ұйымдастырылуына атсалысты.
Тартысты додада Алматы, Шымкент, Қызылорда облыстарынан келген 300 спортшы 20 салмақ бойынша сынға түсті. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Comments (0)
Add Comment