«Таң шапағы елі»

Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназия кітапханасы мен Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы бірігіп комикс, аниме, манга жанрына қызығатын оқырмандар үшін «Таң шапағы елі» атты жапон мәдениетіне арналған іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты – мектеп оқушыларын комикс орталығының жұмысымен таныстыру, кітап оқуға қызықтыру, өзге елдің тарихы мен мәдениетін тану арқылы өз елін сыйлауға баулу.

Комикс туралы алғашқы ескертулерді жапон мәдениетінен іздеуге болады. Содан кейін ойын-сауық үшін олар манга деп аталатын мультфильм оқиғаларын жасады. Мұндай комикстер бүкіл әлемде танымал. Жапондық комикстер дәстүрлі шығыс мультфильмдерінің – анименің бастаушылары болып есептеледі.
Әдетте балалар қалың кітап оқығысы келмейді. Комикстер бірінші секундтан бастап оқырманды ойдан шығарылған әлемге немесе ғаламға толық батырып алады. Әр графикалық сюжеттің өзіндік сурет салу стилі мен мәтіні бар. Ватерлоо университетінің ғалымдары мен психологтары кітаптар, фильмдер мен мақалаларға қарағанда комикстерді балалардың қабылдауы әлдеқайда жеңіл екенін дәлелдеді. Қазір әдеби шығармаларға да, ерекше шытырман оқиғаларға негізделген мыңдаған комикстер бар. Мұнда оқырман өзіне ұнайтын жанрды таба алады. Комиксті оқу және қарау жастарды адамгершілік пен құндылықтар туралы ойлауға талпындырады.
Іс-шара мектеп оқушыларына ұнады. Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері оқырмандарды қызықтыру мақсатында барынша тырысып бақты. Кітапханашылар оқушыларды жапон гейшаларының кейпінде, жапон тілінде сәлемдесіп қарсы алды. Жапон жазушыларының шығармаларына арналған кітап көрмесін ұйымдастырып, сакура ағашының бейнесін де жасап қойған. Кітапханашылар комикс орталығымен таныстырып, балаларды барынша қызықтыра алды. Шараға қатысқан қырықтан аса оқушылар мен ата-аналарға өздерімен комикстер мен жапон жазушыларының шығармаларын оқуға алуға мүмкіндіктер жасалды.

А.Есентаева,
Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназия кітапханасының меңгерушісі

Comments (0)
Add Comment