Таразда «Анаға тағзым» орталығы ашылды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың @saparbayev_bm бастамасымен бой көтерген орталықтың алдына ақжаулықты аналардың құрметіне еңселі ескерткіш орнатылған. Нысан жергілікті демеушілердің көмегімен салынған,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
– Бұл жер әйел-аналарымыз мен қыз балаларымыз үшін ұлтымыздың құндылықтарын дәріптей отырып, қазіргі заманның талабына сай қасиеттерді бойына сіңіретін басқосу алаңы болады деп есептеймін. Осындай нысан салып берген «АрайСтройМаркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне үлкен алғысымды білдіремін,- деді облыс әкімі.
«АрайСтройМаркет» ЖШС бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында сыйға тартқан үш қабатты ғимараттың барлық залы, дәлізі ұлттық нақышта безендірілген. Мұнда жас және көп балалы аналар үшін түрлі курстар ұйымдастырылып, психологиялық және құқықтық тұрғыдан жан жақты қолдаулар көрсетіледі.
Comments (0)
Add Comment