Қазақстан Тәуелсіздігі – халқымыздың сан ғасырлық асыл мұраттарының орындалуы, елдік пен ерліктің, ұлттың бірлігі мен ынтымағының мәңгілік символы. Қастерлі 16 желтоқсан – біз үшін тек өткен күннің еншісіндегі тарих қана емес, өткенге тағзым, болашаққа бағдар болатын айрықша күн.
Бүгінгі ұрпақ Тәуелсіздіктің қадірін терең түсінуі үшін үнемі өткеннің өнегесін де, бүгінгі жетістіктеріміздің бағасын да айқын сезінуіміз керек. Біздің мемлекетіміз өз тәуелсіздігінің ширек ғасыр уақытында бүкіләлемге танылып, тұрақты дамуға ұмтылған, бейбітшілік пен келісімді басты құндылық еткен елге айналды.
Осы жылдар ішінде ауылды дамыту, аграрлық саланы жаңғырту, ауыл еңбеккерлерінің тұрмысын жақсарту мәселелері әрқашан басты саяси-экономикалық дамудың негізгі діңгегіне айналды.
Ауыл – қазақ елінің жүрегі, руханияттың бесігі, ұлттық болмыстың тірегі. Сондықтан ауылдың дамуы – бүкіл елдің дамуы. Бұл бағытта «Ауыл» партиясы өзінің нақты ұсыныстарымен, мақсатты жобаларымен ауыл халқының әл-ауқатын арттыру жолында нәтижелі еңбек етіп келеді.
Жамбыл облысы – ауыл шаруашылығына бейім, еңбекшіл қауым мекені. Біз өңірдің экономикалық әлеуетін күшейту, ауыл инфрақұрылымын жақсарту, сапалы білім мен медицинаны қолжетімді ету, жастардың ауылда еңбек етуіне мүмкіндік жасауға бағытталған жүйелі жұмыстарды жалғастыра береміз. Бұл жолда тәуелсіздіктің әрбір жылы жаңа міндеттер жүктеп, жаңаша мүмкіндіктерге жол ашуда. Сондықтан біз ел дамуына үлес қосатын нақты істермен танылуға тиіспіз.
Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем болсын. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміз мәңгілік болғай! Әр шаңыраққа береке-бірлік, ырыс пен ынтымақ тілеймін.
Тәуелсіз елдің ұрпағы екенімізді мақтан тұтып, еліміздің өркендеуіне бірге үлес қоса берейік!
Нұржан МУСЛИМОВ,
«Ауыл» партиясы Жамбыл облыстық
өңірлік филиалының төрағасы