Түсіндіру жұмыстары қарқын алды

5 маусым күні өтетін республикалық референдумда еліміз өз таңдауын жасап, Конституцияға енгізілген өзгерістерді қабылдайды. Сондықтан аталған саяси науқанның барлық жағынан маңызы зор. Осы мақсатта референдумды қолдау жөніндегі облыстық және қалалық қоғамдық штаб құрылған болатын.

Жуырда штаб мүшелері Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде қаржы және банк саласы қызметкерлерімен кездесіп, референдумның маңыздылығын кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ осы күні штаб мүшелері Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде пәтер кооперативтері жетекшілерімен де жүздесті. Мұндай басқосулар «Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалы» ЖШС мен өзге де мекемелер де жалғасын табуда.

Лаура Абайқызы

Comments (0)
Add Comment