«Жанұя» емханасында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің инспекторлары осы мекеме әкімшілігімен және Дағдарыс орталығының қызметкерлерімен бірлесіп «Отбасындағы зорлық-зомбылықты тоқтату» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Кездесуде қатысушылар балаларды тәрбиелеудегі отбасының рөлі туралы мәселелерді қозғап, тренингтер жасады. Сондай-ақ қиын өмірлік жағдайларға тап болған отбасыларға көмек көрсету бойынша өз тәжірибелерінен ситуациялық сәттерді қарас- тырды.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы полиция подполковнигі Диляфруз Кенжеханова қатысушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған жағдайда не істеу керектігін және отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін жауапкершілік туралы айтып берді.
Дөңгелек үстел барысында кеңестер беріліп, роликтер мен слайдтар көрсетілді. Сондай-ақ қатысушылар арасында ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.
Кездесу соңында қатысушылар осы бағыттағы өзара іс-қимылды жақсарту бойынша өз ұсыныстарын айтты.
Лаура Абайқызы