ЖД – 158/1 мекемесiнiн тексеру бөлмесінде тергеудегі азаматша Іңкәрбекова Дана Сершібайқызына қосымша қорғаушы ретінде келген азамат Тунғушбек Оңғар Алимбекұлыны тексеру барысында тыйым салынған затты жасырын түрде алып өтпек болган жерінен ұсталды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Азаматтын жеке заттарын тексеру алдында , мекеменiң iшкi талабын түсіндіріліп , яғни өздiгiңiзден өткiзбеген заттар , мекеменiң кызметкерлерi тiнтiп тексеру барысында табылған заттар мекеменiң iшкi аумағына заңсыз кiргiзу болып есептеледі деп түсіндірілген болатын . Алайда азамат Тунғушбек Оңгар Алимбекұлыны заңсыз заттарым жоқ тексеруді бастауларыңызға болады деген сон , РБ тексеру тобының әдiлет аға сержанты Турлыбаев И азаматтын жеке басын тексеру кезінде сырт киiмiнiң сол жақ қолының қалтасын тексеру барысында күдiкті зат анықтады , анықталган зат «100 АҚШ доллары» тәркілендi.
Тәркiленген зат пакетке салынып , мөрленіп ЖД – 158/1 мекемесiнiң №1 сеифке салынды.
Аталған жағдай бойынша Казакстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 481 – бабының 1 – бөлігінде көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны бойынша Тараз қалалық Мамандандырылған Әкiмшiлiк сотына жолдауға тиiстi құжаттар жиналуда.