Төрлет, төрлет Наурыз!

   Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығында мүмкіндігі шектеулі жандарға Ұлыстың Ұлы күніне орай «Төрлет, төрлет Наурыз!» атты мерекелік музыкалық кеш өтті.

Мерекелік думанды ашып беру үшін алғашқы сөз кезегі орталық директоры Қарлығаш Бибазароваға берілді.
– Жер ана бусанып, дала гүлге боялып, тіршіліктің жасарып, жаңаратын көктем мезгілімен барша адамзатты құттықтаймын. Көңілдеріңіз көктемдей көңілді болсын. Әз наурыз жақсылығымен нұрын шашып, әрбір шаңыраққа бақыт алып келсін-деді орталық директоры.

Салтанатты кеш шымылдығыАйымжан Смағұлдың орындауында «Әз, Наурыз» әнімен түрілді. Одан кейін Ақмоншақ Исаева «Бал қадиша», ГүлмираМейірқұлова «Мерекем», Азамат Исаевтың орындауында «Қазақстаным» әндері шырқалып, өз кезегінде «Қара жорға» биі де көрермендер назарына ұсынылды.
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек киіп, қазақи нақышта тамылжыта ән салып, би билеген қатысушылар қазақтың жөн жоралғысымен құда күтіп, арқан керіп, отқа май құйып, сырға салып, күйеу таныстырып, сыңсыма айтып қыз да ұзатты.


Ас та төк мерекелік көңіл күймен астасқан ақ дастархан басында ақ тілектер ағытылып, қариялардың ақ батасы да берілді.

Comments (0)
Add Comment