Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Анкара Ресейге әуе кеңістігін жаппайды деп мәлімдеді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі adyrna.kz сайтына сілтеме жасап.
«Түркия Ресейге әуе кеңістігін жаппайды. Мұндай қадам стратегиялық тұрғыдан қате болар еді. Түркияның әуе кеңістігінің ашықтығы стратегиялық және гуманитарлық маңызы бар», – деп келтіреді министрдің сөзін НТВ.
Сондай-ақ, Чавушоғлу Түркияда Украинадан 653 адам эвакуацияланғанын атап өтті.