Қараша айының үшінші жексенбісі Дүниежүзілік жол апатынан қаза тапқандарды еске алу күні. Осы датаға орай Түркістан облысының полиция қызметкерлері құран бағыштап, құдайы тамақ таратты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.
Шара жол апатынан қаза болғандарды еске алып, өзгелерді де жол апаты мен оқыс оқиғадан сақтандыру мақсатында ұйымдастырылған, деп жазады Facebook желісін қолданушы.
Осы орайда Түркістан облысы ПД қызметкерлерінің жол бойында жүргізушілерге ас-ауқат таратып, жол жүру ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертті.
Құрметті жүргізуші мырза, жолаушылар! Жолда жүру ережесін сақтаңыздар. Мына жолаушылардың барлығының тағдыры сіздердің мойындарыңызда,
Жазба астында желі қолданушылар жылы лебіз қалдырып, салауат айтуда.