Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев отставкаға кету туралы өтініш берді. Бұл ақпаратты өңір әкімдігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс әкімі өтінішті 24 тамызда жазған.
13 шілдеде Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажанов пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Маусым айында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев брифинг кезінде егер Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажановтың кінәсі сотпен дәлелденсе, отставкаға кететінін мәлімдеген еді.