Түркістан облысында 9 жыл бұрын жоғалған жас жігіт табылды

Түркістан облысында полиция 9 жыл бұрын жоғалып кеткен жас жігітті тапты,  деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

2012 жылы Түлкібас аудандық полиция бөліміне Арыс қаласының балалар үйінің басшылығы 15 жастағы тәрбиеленушінің жазғы лагерьден хабар-ошарсыз кеткені туралы өтініш білдірді. Содан кейін баланы табу мүмкін болмаған.

9 жылдан кейін жедел уәкілдер жоғалған жігітті тапты.

Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері көп жыл бұрын жоғалып кеткен жасөспірім Келес ауданында мал бағып жүргенін анықтады. Жоғалған жас жігіт қазір 24 жаста. Табылған жігітті тәртіп сақшылары полиция бөліміне жеткізді, онда психологтар онымен әңгіме жүргізген.

Белгілі болғандай, жас жігіт өз еркімен үйінен кетіп, ересек адам сияқты өмір сүргісі келген. Осы уақыт аралығында ол жалдамалы шопан болып жұмыс істеген.

Полиция жоғалған жігіттің туыстарын да тапты. Сондай-ақ, олар балалар үйінің тәрбиешісімен хабарласып, баланың жоғалып кеткенін айтты.

«Жас жігіттің ағасы мен балалар үйінің тәрбиешілері хабар – ошарсыз кеткен адамды тауып, үйіне отбасына қайтарған полицейлерге үлкен алғыстарын білдірді», – деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Comments (0)
Add Comment