Ведомствоның мәліметінше, өңірде 71 оқушы сабаққа офлайн форматта қатысып келген, қалған 77 оқушы оқу жылы басталғанға дейін жұқтырған. «Эпидемияға қарсы іс-шаралар барысында науқастармен байланыста болған 2 176 оқушы, яғни 92 сынып 14 күндік үй карантиніне оқшауланып, оқыту онлайн-форматқа ауыстырылды», делінген хабарламада. «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирус инфекциясының алдын алу туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің №36 қаулысына сәйкес сыныпта COVID-19 ауруы тіркелген жағдайда сынып 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулауланады.
«Облыстың 934 білім беру ұйымдарында 100 пайыз Ashyq бағдарламасы енгізілген. Облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары COVID-19 -дың таралуын болдырмауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмысын жалғастыруда. Жаңа оқу жылы қарсаңында Zoom платформасы арқылы мектеп директорлары мен оқу орындарының медицина қызметкерлері арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі семинарлар өткізілді» делінген хабарламада.