«Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы»

Абай атындағы Тараз қалалық орталық кітапханада жастарға арналған «Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы» тақырыбында пікір алмасу шарасы өтті.
Кездесуге Тараз қаласы Полиция басқармасының ювеналдық полиция инспекторы Медина Қайратқызы, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің полиция аға лейтенанты Балнұр Ерген, №39 мектеп-гимназиясының директордың құқық жұмысы жөніндегі орынбасары Салтанат Батырбаева қатысты.
Сонымен қатар Қазіргі заман гуманитарлық колледжі мен Тараз сервис технология колледжінің білімгерлері белсенділік танытты.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауатын арттыру, заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру. Өйткені жастар – елдің ертеңі, ал заңға бағынған ұрпақ – мемлекеттің берік тірегі.
Шара барысында кітапхана қызметкерлері «Заң мен тәртіп – жарқын болашақ кепілі» атты кітап көрмесін таныстырды.

Comments (0)
Add Comment