Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Адилхаир Атиннің айтуынша, жұмыспен қамту орталығының міндеті халықты жұмыспен қамту мәселелерін шешуді, үйлестіруді, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты реттеуді қамтамасыз етуге бағытталған, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға ықпал етуге, олардың кәсіби даярлығын ұйымдастыру және жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда, халықтың табысты әрі тұрақты жұмыспен көбірек қамтылуы қоғам орнықтылығының аса маңызды шарттарының бірі болып есептеледі, мұның өзі елдегі экономикалық және әлеуметтік ахуалға айтарлықтай дәрежеде ықпал етеді. Әр адамның әл-ауқатын арттыруда атқаратын аса маңызды рөлі туралы айтылғанның өзінде, жұмыспен қамту кәсіптік машықтарды кеңейтіп, ұштай түсуге мүмкіндік береді, халықтың барлық санаттарының өзін-өзі көрсете білуіне жол ашады, түптеп келгенде, өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал етеді, яғни көптеген неғұрлым ауқымды міндеттерді шешудің кепілі болып табылады.
Атап айтатын болсақ, Тараз қаласында 2022 жылы «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба 2021-2025 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында 3226 жұмыссыз азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. Бағдарламаға қатысатын азаматтарға қолдау көрсету бойынша барлық деңгейдегі әкімдіктермен белсенді жұмыстар жүргізіліп келеді. Бағдарлама еңбекке орналастырудың бірқатар маңызды міндеттерін шешуге бағытталып отыр. Оның мәні қарапайым әрі түсінікті: тұрақты әрі өнімді жұмыспен қамту арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру.
Халықты жұмыспен қамту орталығы