Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қала әкімі Бақытжан Орынбеков өз міндетіне кіріскен күннен бастап халықпен кездесіп, қаланы аралып, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдауда.
Азаматтар тарапынан және БАҚ пен әлеуметтік желіде көтеріліп жатқан мәселелер қала әкімінің тікелей назарында және бақылауында.
Мәселен, өткен аптада БАҚ өкілдерімен кездесуде айтылған проблемалар шұғыл және қаржы талап ететін болып қарастырылуда.
Республикалық 31 арнаның Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі Нурадин Ракай бірнеше мәселе көтерген болатын. Көк базар орталықта болған кезеңнен бері бір бағыттағы А.Асқаров, А.Пушкин көшелерін қайта екі бағытта автокөлік қатынайтын жол ретінде қарастыруды, 15-ші мөлтекаудандағы жекеменшік мектеп алдына жол белгісін орнатуды ұсынған еді. Айта кетерлігі, аталған мәселелерді басқа да қала тұрғындары әлеуметтік желіде көтерген болатын.
Өткен аптада екі көше де зерделенді. А.Асқаров көшесі 2 бағыттық ретінде қайта ашылатын болды. Бірақ, алдымен бағдаршам қою жұмыстары жүргізілмек.
Ал, А.Пушкин көшесінің бойында 1-ші гимназия, Полиция басқармасы, Мектептен тыс іс-шараларды ұйымдастыру (ОблДЮЦ), медицина мекемелерінің орналасқандығын ескере отырып, бұл көше бір бағыттағы автомобиль қозғалысымен қалатын болды.
Жекеменшік мектеп маңына жол белгілерін қою бойынша сұраныс өз шешімін тапты.
ашық_әкімдіккері_байланыс
Comments (0)
Add Comment