Осыған орай мемлекеттік биліктің әрбір деңгейдегі өкілі халықпен тиімді диалог орнатып, бұқараның базынасына құлақ түруге міндетті. Өйткені тыңдай білген басшы ғана дұрыс жол табады, ал халықпен санасқан мемлекет қана баянды болашаққа бет алатыны белгілі.
Президент ұсынған бұл баянды тұжырымда Тараз қаласында да жүйелі жүзеге асырылуда. Айталық, күні кеше қала әкімі Бақытжан Орынбеков тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдауға келген азаматтар жер кезегі, тұрғын үймен қамтамасыз ету, балалар ойын алаңшасының санын арттыру және аялдама орнату бойынша сауалдар қойды.
Сонымен қатар тұрғындар жаңадан берілген көпқабатты үйлерге жарық қосу, бағдаршам орнату, қураған талдарды кесу және қаңғыбас иттерді аулау жөнінде бірқатар мәселелер көтерді.
Қала тұрғындарының әрбір сауалын мұқият тыңдаған шаһар басшысы зерделеу жұмыстарынан кейін заң аясында тиісті шешімдер қабылданатынын айтып, әрбір өтініш-тілек бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.
Құрмаш ҚАПТАҒАЙ