Тұрғындар тілегі ескерусіз қалмайды

Қала әкімінің көшпелі қоғамдық қабылдауы №5 аумақтық округте жалғасты. Шаһар басшысы Ержан Жылқыбаев, әкімдікке қарасты барлық бөлім басшылары қатысқан жиында тұрғындардың түрлі өтініштері мен мәселелері тыңдалды.

Қабылдау барысында Ержан Жұматұлы талап-тілектерімен келген 21 тұрғынды қабылдады.
Тұрғындар көтерген арыз- шағымдардың 40 пайызы жеке мәселе болса, 40 пайызы әлеуметтік салаға тиесілі болды. Қалғаны қоғамдық маңызы бар сұрақтар. Барлық келушілерді мұқият тыңдаған Ержан Жылқыбаев тиісті сала, мекемелердің басшыларына көтерілген мәселелерді зерделеп, тез арада шешілуін тапсырды.
Қоғамдық қабылдауда көтерілген түйткілдер хаттамаға тіркеліп, жан-жақты зерделенетін болады.

Құрмаш Қаптағай 

Comments (0)
Add Comment