Тұрғындар тілегі – ұдайы назарда

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков бірқатар азаматты жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар жер кезегі, тұрғын үймен қамтамасыз ету, үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу, жол жөндеу, көше жарығы туралы сауалдар қойды. Сонымен қатар үй ауласына балалар ойын алаңшасын салу, балалар айналысатын гимнастика базасын салу жөнінде де мәселе көтерді.
Шаһар басшысы қабылдауға келген тұрғындардың сауалын мұқият тыңдап, заң аясында шешімін табатындығын айтты. Сонымен қатар азаматтардың өтініш-тілектерін жауапты мамандарға тапсырды.

Аман ЕСЕН

Comments (0)
Add Comment