Тұрғын үймен қамту жүйелі жүріп жатыр

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз конференциясын өткізуде. Басқосу барысында Ербол Шырақпайұлы өңірдегі тұрғын үй құрылысы және азаматтарды баспанамен қамту мәселелері жайын тілге тиек етті.

– Жамбыл облысында жыл басынан бері 558 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй алуға кезекте 37,6 мың адам тұр, оның 16,3 мыңы – халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері. Қазіргі уақытта 3 929 пәтерлі 74 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның 35-ін жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Жыл басынан бюджет қаражаты есебінен 10 үй  немесе және жеке инвестициялар есебінен 11 үй тапсырылды. Жыл соңына дейін 882 млн теңгеге жаңа тұрғын алаптарының 869 учаскесіне инженерлік инфрақұрылым тартылады.

Ағымдағы жылы халықтың әлеуметтік осал топтары мен көпбалалы отбасылар үшін 7,6 млрд теңгеге 797 пәтер сатып алуды жоспарлап отырмыз. Бүгінге123 пәтер алынды, – деген Е. Қарашөкеев «Асар» жобасы аясында 49 көпбалалы және аз қамтылған отбасы баспаналы болғанын жеткізді. Айта кетер жайт, жергілікті кәсіпкерлердің демеушілік қолдауымен 2020 жылдан бастап 338 аз қамтылған отбасы тұрғын үймен қамтылған болатын.

Comments (0)
Add Comment