Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар тізімін түгендеу жүруде

Қазір Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар тізімін түгендеуді (инвентаризация) жүргізіп жатыр.
Бұл не және не үшін қажет?

📋 Түгендеу — бұл кезекте тұрғандардың деректерін нақтылау, қателер мен қайталануларды түзету және кімнің расында тұрғын үйге мұқтаж екенін анықтау.

🌿 Түгендеуді қалай өткізуге болады?

1️⃣ orken.otbasybank.kz сайтында авторизациядан өтіңіз
2️⃣ Жеке кабинетке кіріңіз
3️⃣ Жеке деректерді өңдеуге келісім беріңіз
⠀• егер келісім жоқ болса — ЭЦҚ арқылы қол қойылады
4️⃣ «Түгендеу» бетіне өтіңіз
5️⃣ «Түгендеуді бастау» батырмасын басыңыз
6️⃣ Мәртебесін бақылаңыз
7️⃣ Отбасы мүшелері де сайтқа кіріп, өз келісімдерін беруі қажет

📲 Бұл бар болғаны бірнеше минут, бірақ ол сіздің баспаналы болуға бір қадам жақындатады!
Уақыт жоғалтпаңыз — бүгін-ақ өз деректеріңізді тексеріңіз 💚

Comments (0)
Add Comment