Тұрғын үй көмегі кімдерге беріледі?

Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы Тараз қаласында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға төленеді.

Тұрғын үй көмегі коммуналдық қызметтерінтұтынуға арналған шығыстар нормасы шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырмасы ретінде айқындалады.
Отбасылық шығыстардың шекті жол берілетін деңгейі,Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымындағы №58-3 шешімімен, Тараз қала-сы бойынша 5 пайыз болып белгіленген.
Яғни, мемлекет аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төмендегі шығындары үшін төлейді:
• кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған шығыстар;
• телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді арттыру тұрғысынан коммуналдық және байланыс қызметтерін тұтыну;
• мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалануға арналған шығыстар.
Тұрғын үй көмегіне өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалының Тараз қалалық бөлімдері (бұдан әрі – мемлекеттік корпорациясы) және «электронды үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.

Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Comments (0)
Add Comment