Түн жамылып әрекет еткен қарақшы қолға түсті

Тараз қаласының полициясына 40 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, шағымданған. Ол белгісіз ер адам шамамен түнгі сағат 04:30-да шағын аудандардың бірінде күш қолданып, спорттық велосипедін тартып алып, белгісіз бағытта қашып кеткенін айтқан.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тараз қаласының бейнебақылау операторларының жедел іс-әрекеттері нәтижесінде, іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлерімен күдікті ізін суытпай ұсталды.

Ұсталған азаматтың түрі жәбірленушімен танылып, заттай дәлел тәркіленді.

Comments (0)
Add Comment