«Тұмсығы, тілі мен мүйіздерін бөлшектеп сатқан»: Түркістан облысында ақбөкенді атқандар жазаға тартылды

Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген ақбөкендері атып алғандар жаза арқалады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Істі қараған Бәйдібек аудандық сотының төрағасы төрт адамның әрқайсысына 3 жыл 6 айдан жаза кесті.

Мотоциклге мінгескендер сәуір айында ұсталған. Олар мемлекетке 26 млн теңгеге жуық зиян келтірген. Ұсталғандар сирек кездесетін және құрып кетудің алдында тұрған ақбөкенннің тұмсығы, тілі мен мүйіздерін де арнайы бөлшектеп салып алғаны әшкереленген еді.

Аңға шыққан 30 бен 50 жас аралығындағы төрт адам – Созақ ауданының тұрғындары. Сотталғандардың ешбірі тұрақты жұмыс істемейді деді сот төрағасы. Олар киіктерді «Қабақ» деп аталатын мал жайылымынан атып алыпты.

 

Comments (0)
Add Comment