Тұман, көктайғақ, бұрқасын: Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Метеорологтар еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

20 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде тұман сақталады. Солтүстік Қазақстан облысының түнде оңтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде 20 қарашада Қарағанды облысының батысында тұман күтіледі.

Шығыстан, оңтүстік-шығыстан, жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде және таңертең 20 қарашада Ақмола облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 20 қарашада Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында және солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Comments (0)
Add Comment