Тәліптер өлім жазасына кескен ауған волейболшысы Махджубин Хакимидің туыстары спортшының өлтіргені туралы ақпаратты жоққа шығарды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол тамыз айында көз жұмған.
«Оны қазан айында Талибан өлтірген жоқ. Махджубин 6 тамызда көз жұмды. «Талибан» билікке 15 Тамызда келген. Оның денесі Кабулдағы күйеу жігітінің жуынатын бөлмесінен табылды. Ол Махжуби өзін-өзі өлтірді деп мәлімдеді. Алайда біздің отбасымыз күйеу жігіттің туыстарына қатысты күдіктенеміз», – деді марқұмның туысы.
Ол қыздың қабіріндегі ескерткіш пен қайтыс болған күні белгіленген фотоны жариялады, сондай-ақ табылған мәйіттің суретін қосқан.
Айта кетейік, кеше ғана көптеген БАҚ «Талибан» қозғалысының мүшелері Махжубин Хакимиді спортшыларды іздеу операциясы аясында басын шапты деген ақпаратты таратты.
Халықаралық волейбол федерациясы (FIVB) Ауғанстанның әйелдер жастар құрамасының ойыншысының қайғылы қазасы туралы таңғаларлық ақпаратты зерттеп жатқанын мәлімдеді.
Еске салсақ, бұған дейін Талибан Ауған әйелдеріне спортпен шұғылдануға тыйым салған болатын.