Ауғанстанда билікке келген «Талибан» қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған) Кабулда бірнеше жыл бойы жұмыс істеген «Ариана» тарихи кинотеатрын жабуға шешім қабылдады, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, тәліптер үнді, еуропалық және америкалық фильмдер көрсетілген кинотеатрлардың жұмысы шариғат ережелеріне қайшы деген қорытындыға келген.
Бұған дейін «Талибан» қозғалысы Ауғанстанда шетел валютасын пайдалануға тыйым салған еді.