Тәліптер 500-ге жуық лауазымды тұлғаны өлтірген

«Нью-Йорк таймс» тәліптердің 500-ге жуық шенеунік пен қауіпсіздік қызметінің өкілін өлтіргенін жазды. Басылым дерегінше, бұл тізімде тәліптер билікке келгенше бұрынғы үкімет басында  қызмет еткендер бар деп хабарлады turkystan.kz.

Мемлекеттік қызметкерлерге қарсы әрекет Ауғанстанның барлық 34 аймағында тіркелген. Бағлан провинциясында – 84, Кандагарда – 114 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Естеріңізде болса, «Талибан» өкілдері  былтыр тамызда Ауғанстандағы билікті  басып алған болатын. Артынша оның басшысы Хайбатулла Ахунзаде елде жалпыға бірдей рақымшылық жариялаған еді.

 

Comments (0)
Add Comment