Ауруханада жатқан Қайрат Нұртастың үлкен ұлы Нарұлға ата-әжесі келіп, қуантты. Немересімен сағыныса қауышқан атасы Нұртас Айдарбеков оны құшағына алып, көз жасын тыя алмады,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап. Немересі мен атасының кездесуін Гүлзира Айдарбекова өзінің Instagram желісінде жария еткен. Әсерлі видеодан үзінді артынша желідегі пабликтерге тез тарап кетті.
Еске салсақ, әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдукәрімова соңғы уақытта әлеуметтік желіде неге белсенді емес екенін түсіндіріп, үлкен ұлы Нарұлдың денсаулығы сыр бергенін жазған. Актриса ұлының дертіне байланысты ауруханаға сабылғанын айтады. Айтуынша, біршама уақыт бұрын жүрегіне ота жасалған Нарұл қайта сырқаттанып қалған.