Сырға толы жарқын жүздесу

Жастар – ұлт үмітін арқалаған ел ертеңі. Үміт пен сенімді ақтау – сол буынның парызы. Сол себептен де жастар қазіргі қоғамның жетекші күші ретінде еліміздің дамуына жауапты.

Осыған орай шаһар төріндегі М.Әуезов атындағы қалалық орталықтандырылған кітапханада Халықаралық жастар күніне қарсаңында «Еліміздің бүгіні мен ертеңі – жастар» тақырыбында сыр-сұхбат өткізілді.
Шарада сөз алған Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының директоры Сауран Қалиев кездесудің мәні мен маңызына кеңінен тоқталды.
– Жастар болашақтың жарқын айнасы іспетті. Бұл сөздің мағынасына үңілсек, «еңбек» деген ұғыммен байланысып жатқанын ұғасыз. «Еңбектің наны тәтті» деп бекер айтылмаса керек. Қай саланы алсақ та, мерейін үстем еткен үкілі азаматтар ащы терін сығумен биіктерге жеткен, – деді Сауран Қалиұлы.
Кездесу соңында шара қонақтары аталған кітапхананың кітап көрмесімен танысып, библиографиялық шолу жасады.

Нұрперзент ӨТЕГЕН

Comments (0)
Add Comment