Суицидтен қалай сақтануға болады?

БАҚ беттерінде үнемі адамдардың өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары туралы айтылып жатады. Бірер күн бұрын Таразда жантүршігерлік қайғылы оқиға орын алғаны да көпшілікке мәлім. Онда 14 жастағы жасөспірім он екінші қабаттан құлап, қайтыс болған еді. Тәртіп сақшылары өзіне-өзі қол жұмсау туралы хатты да тауыпты.

Осыған орай, халық арасында түрлі сұрақтар көтеріліп жатыр. Оларды толғандыратыны – мұндай жағдайға кім кінәлі және не істеу керек?
Қолда бар деректерге сүйенсек, жыл сайын жарты миллионға жуық адам өз-өзіне қол жұмсайтын көрінеді. Ал өлімнің жалпы статистикасында суицизм 13-ші орында тұр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, Қазақстан өз-өзіне қол жұмсау саны бойынша әлемде үшінші орын алады және Орталық Азия елдері арасында көшбасшы болып саналады екен.
Ағымдағы жылдың 9 айында облыста 117 адам өз өмірін қиған. Сонымен қатар жаңа құрбандар саны да өкінішке орай өсуде.
Өз-өзіне қол жұмсау – қазіргі қоғамның күрделі мәселелерінің бірі екені анық. Сонымен бірге оның өзектілігі әлеуметтік-экономикалық жағдайлары, мәдени және діни дәстүрлері мүлдем басқа елдерге тән. Жас ерекшеліктеріне байланысты 15-24, 45-50, 70 жастағы адамдар өз-өзіне қол жұмсауға бейім болып келетін көрінеді.
Мамандар өзін-өзі өлтіру – өмірдің көптеген аспектілерін қамтитын өте күрделі құбылыс екенін айтады. Бұған философиялық, психологиялық, әлеуметтік, моральдық, құқықтық және медициналық жағдайлар себеп болуда. Демек, суицизм адамда әдеттегі, жалпы қабылданған жолмен шешуге болмайтын немесе қажет емес деп санайтын мәселелердің болуын көрсетеді.
Өзіне-өзі қол жұмсаудың ең қауіпті кезеңдерінің бірі – жасөспірімдер арасында жыныстық-рөлдік сәйкестендірудің қалыптасуы, орынсыз махаббат, достармен, ата-аналармен қақтығыстар және мектептегі түсініспеушіліктер туындаған кезде орын алады екен. Сондай-ақ 10 пайыз жағдайда баланың суицидтік мінез-құлқы өзін-өзі өлтіруді мақсат етеді, ал 90 пайызында жасөспірімдер мұны өзіне назар аударту мақсатында қолданады.
Мамандардың айтуынша, бір-біріне мұқият болу арқылы қайғылы жағдайдың алдын алуға болады. Өз-өзіне қол жұмсауға шешім қабылдаған адам басқаларға өзінің жоспарлары туралы жасырын сигнал беруге тырысады. Сондықтан осындай жағдайға тап болған уақытта, ең алдымен, тиісті маманға хабарласу керек.
Депрессияның негізгі белгілері мен суицидтің себептерің бірі – депрессия, ұйқысыздық, тәбеттің төмендеуі, обсессивті ойлар екендігін ұмытпаңыз. Өзіңізді және жақындарыңызды суицидтен қорғаңыз!

Comments (0)
Add Comment