Су айдындарында жазғы профилактика жалғасуда

Су айдындарында қаза болу жағдайларының негізгі себебі – балалардың ересектердің қарауынсыз қалуы салдарынан және жабдықталмаған немесе тыйым салынған жерлерде шомылу, балық аулау кезінде және алкогольдік масаң күйде суға түсу.
Қала және облыс аумағында су қауіпсіздігі бойынша ұйымдастырылатын көптеген іс-шараларға қарамастан, күннен-күнге тыйым салынған және аса қауіпті орындарда шомылу деректері көбеюде.
Осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында Тараз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Тараз қаласы жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге суға шомылуға тыйым салынған орындарда рейдтік іс-шаралар жүргізді.
Шара барысында қызметкерлер демалушыларға шомылуға тыйым салынған орындар, шаһар аумағында арнайы демалыс аймақтарын белгілеу туралы, демалушылардың қауіпсіздігіне ата-аналардың тікелей жауап беретіні туралы мағлұматтар берді.
Сонымен қатар жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып күнделікті рейд жұмыстарын жүргізу кезінде құқық қорғау қызметкерлерімен суға шомылуға тыйым салынған жерде, сондай-ақ су айдындарында алкогольдік ішімдік тұтыну бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексінің 440-бабы, 364-бабы және 412-баптарына сәйкес, әкімшілік практиканы қолдану бойынша түсіндірме жұмыстары да жүргізілуде. Яғни тыйым салынған жерлерде шомылған немесе су айдындарында спирттік ішімдік қолданғандар тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Әлеуметтік желі арқылы тұрғындарды барынша хабардар ету үшін аталған профилактикалық іс-шараға қаламыздың қоғамдық блогерлері де атсалысты. Осы ретте жазғы маусымда суға кетіп қаза болу жағдайларының алдын алуға бағытталған іс-шаралар шомылу маусымының соңына дейін жалғасатынын айта кетейік.

Айдос Өтеген,
Тараз қалалық төтенше жағдайлар басқармасының аға офицері

Comments (0)
Add Comment