Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру арқылы ақпараттардың электронды жүйеде алудың қолжетімділігі артты. Бұл игілікті қызметкерлер ғана емес әрбір қарапайым тұрғындар да көріп отыр. Қазір тіпті аудан, облыс, республика көлеміндегі статистикалық мәліметтерді де онлайн алуға болады.
Бұл туралы толығырақ Дулати университетінде болған «Ашық есік күнінде» Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментінің мамандары жүргізген түсіндірме жұмыстарында айтты.
Кездесуге «Экономика және Құқық» факультетінің студенттері мен колледж оқытушылары қатысты. «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінің көмегімен қажетті статистикалық ақпараттарды өз бетінше алу жолдарын үйретті. stat.gov.kz интернет-ресурсы барлық қолданушыларға қызмет көрсетеді. Қосымша 3 тілде және латын қарпінде жұмыс жасайды. Қажетті ақпаратты ала алмаған жағдайда, көрсетілген байланыс нөмерлері мен электронды пошталарына хабарласып, хат жолдасаңыз болады.
Оңай әрі түсінікті, еркін форматта өткен бұл кездесуде студенттер мен оқытушылар мамандарға өз алғыстарын жеткізді.
Дулати университетінің медиа-қызметі.