Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Жамбыл облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімі бірлесіп, қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі — сталкинг, қудалау және психологиялық қысым тақырыбында «Сталкингті тоқтат!» атты форум-диалог ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты — құқықтық сауаттылықты арттыру, сталкингтің алдын алу жолдарын түсіндіру және қауіпсіз қоғам қалыптастыруға үн қосу.
Форум барысында сталкингтің тек жеке мәселе ғана емес, қоғамдық қауіпсіздікке тікелей әсер ететін құбылыс екені атап өтілді. Қатысушылар құқықтық нормалар, қорғану тетіктері және құқық қорғау органдарына жүгіну жолдары туралы кеңінен ақпарат алды. Әрбір азаматтың құқықтық сауаты мен белсенді азаматтық ұстанымы қауіпсіз ортаның негізгі кепілі екені айтылды.
Форумға полиция қызметкерлері, заңгерлер, кітапхана мамандары, студенттер мен қала тұрғындары қатысып, пікір алмасу алаңында өз ойларын ортаға салды. Ашық диалог форматында өткен кездесу қоғамдағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мен құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.