«Спутник М»: Балаларға салынатын COVID-19 вакцинасы осылай аталу мүмкін 

Н. Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы, коронавирусқа қарсы балаларға арналған вакцинаға «Спутник М» деген атау беруі мүмкін екенін айтты. Бұл жерде «М» деген «кішкентайлар үшін» деген мағынаны білдіреді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Орталық директоры Александр Гинцбургтің айтуынша, екпенің «Спутник» атауы қала береді. Балаларға арналған вакцинаның атауына тек «М» әрпі ғана қосылады.

Бұған дейін Ресейдің денсаулық сақтау министрігіне Н.Гамалея эпидемиология және микробиология ұлттық ғылыми орталығы «Гам-КОВИД-Вак-М» жасөспірімдерге арналған вакцинаның құжатын тіркеуге жіберген болатын.

Вакцина тіркелген жағдайда жасөспірімдерге ерікті түрде жүргізілетін болады. Бұл ретте ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімі бойынша екпе салынады.

Comments (0)
Add Comment