Спортты қолдау–денсаулық кепілі

   Қазіргі таңда спортпен шұғылданам деген адамға мүмкіндік көп. Балаңызды баулуға үйірмелер де, өзіңіз айналысам десеңіз, спорт алаңқайлары мен залдары жетерлік. Тек уақыт пен талап, тұрақты айналысу үшін тәртіп қана керек.

Салауатты өмір салтын салтын ұстанып, тән саулығын қалыпта ұстау үшін кәсіби спортшы болу міндетті емес.
Кез-келген салада қызмет ететін әр азамат бос уақытын спортқа арнауға құқылы.

Осы орайда спортты жанына серік еткен Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиевты айтсақ болады.
Спорттың бірнеше түрімен айналысып, қолдау көрсетіп келеді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

«Спорт – бала күнімнен бергі серігім. Спорт адамды жауапкершілікке, төзімділікке, өз-өзіңе сенімді болуға тәрбиелейді. Мәселен, өмірде түрлі сынақтар, қиындықтар кездеседі. Соларды еңсеруге сабырлық, шыдам керек.
Тіршілігімізде бәріміздің де жұмыстан қолымыз тие бермейді. Оның үстіне халықпен тығыз байланыста болғандықтан, бос уақыт табу өте қиын.

Аз-аздан болса да тұрақты түрде ең болмағанда дене жаттығуларын жасап тұрсақ, денсаулыққа пайдалы болар еді»,-дейді аудан басшысы.

Comments (0)
Add Comment