Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылдың 15 қарашасындағы Жарлығына сәйкес тамыз айының үшінші жексенбісінде спорт қызметкерлері күні атап өтілетін болып бекітілген.
Осыған орай Мойынқұм ауданының спорт саласының қызметкерлері ұлықталды.
Мойынқұм ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ержан Әмірханов мерекеге орай өткізіліп жатқан футболдан аудандық жарыстың ашылу салтанатына арнайы қатысып, өз кезегінде Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры Жұмағұлов Темірхан Әділханұлы аудан әкімінің “Ауданға сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісімен, спорт саласының еңбек ардагері Несіпбай Аманжол Мұхатұлы аудан әкімінің “Мойынқұм ауданының спортына сіңірген еңбегі үшін” медалімен, №23 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Рахманқұлов Төлебай Көкірекбайұлы аудан әкімінің “Құрмет грамотасымен”, ал Қайрат Мұсабаев, Төлеген Мұрат аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталса, Серікболсын Ынтықбаев, МақпалҚұлыбекова, аудан әкімінің арнайы сыйлықтарымен марапаттады.
Содан кейін “Аманат” партиясының алғыс хатымен Құлпыбаев Жадырабай Боранқұлұлы марапатталса, аудандық мәслихаттың төрағасы Нұртас Саурықов арнайы сөз алып Ардақ Ахметов, Сағадат Исаков, Мұрат Смағұлов, Лесжан Тойланов, Мұрат Ұлтараховтарты аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттады.
Сөз соңында аудан әкімінің міндетін атқарушы Ержан Әмірханов спортшыларға алдағы сайысқа сәттілік тілеп, биік шыңдарды бағындыра берулеріне тілегін білдірді.
Дастан Аманқұлов,
Мойынқұм ауданы