Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сочиде ұзаққа созылған жеке кездесудегі келіссөздің қорытындысына көңілі толатынын жеткізді деп хабарлады turkystan.kz Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібайға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының пікірінше, келіссөз өзара сенім әрі іскерлікпен ерекшеленген айырықша достық атмосферада өтті.Президент сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастыққа, екі елдің халықаралық аренадағы өзара іс-әрекетіне қатысты барлық мәселелер жан-жақты талқыланғанын атап өтті. Мемлекеттер басшылары өздерінің деңгейіндегі уағдаластықтарды екі ел үкіметтерінің тұрақты түрде жүзеге асыруы маңызды деп түсінеді. Президенттер тұрақты жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті», – деп жазды Руслан Желдібай фейсбуктегі парақшасында.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге құрметі мен қонақжайлығы үшін ризашылығын білдірген.