Әскерилер арасындағы аламан

«Оңтүстік» өңірлік әскери қолбасшылығының құрылғанына 25 жыл толуына орай Тараз қаласының әкімдігі және аталған әскери қолбасшылықтың бірлесе ұйымдастыруымен әскери қызметшілер арасында жеңіл атлетикалық жүгіріс өтті.

Дүбірлі жарысқа 300-ге жуық әскери қызметші қатысып, төзімділік пен шеберлікті, ұжымдық рух пен спорттық жігердің үлгісін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасында І орынды – Айгерім Сыдықова, ІІ орынды – Аяжан Бейбітқызы, ІІІ орынды Балауса Байдарманова иеленді. 35 жасқа дейінгі ерлер арасында І орынды – Нұрзат Күнболатұлы, ІІ орынды – Ринат Кулыгин, ал ІІІ орынды Мұхит Әмірәліұлы еншіледі. Сонымен қатар 35 жастан асқан ерлер арасындағы аламанда І орын – Ғалымжан Махимовқа, ІІ орын – Бауыржан Мусырманқұловқа, ІІІ орын Нұржан Әбілқасымовқа бұйырды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен медальдар табысталды.

Аман ЕСЕН

Comments (0)
Add Comment