Әскери ойындар ұйымдастырылды

Жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, әскери-патриоттық рух қалыптастыру, азаматтарды әскери борышын өтеуге шақыру қашанда маңызды. Осыны басты бағдар еткен Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығы және М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Алғашқы әскери дайындық» кафедрасының бірлесе ұйымдастыруымен Кеңес Одағының Батыры, Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «АЙБЫН» әскери патриоттық ойындары өтті.
Сайыс қатысушылары саптық байқау, «АК-74» автоматың уақытқа шашып жинау, азаматтық қорғаныс құралдарын кию, кермеге тартылу, минутқа кеудені көтеру, 100 метрге жүгіру және граната лақтыру секілді ойын түрлерінен сынға түсті.
Шараға Дулати университеті, «Тараз-Парасат», «Тараз теміржол-көлік және коммуникация», «Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледждерінен құралған командалар қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Жарыс соңында жалпы есеп бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар және номинациялар бойынша үздік уақыт көрсеткен жастар бағалы сыйлықтармен және Алғыс хаттармен марапатталды.

Еркін САЙЫН

Comments (0)
Add Comment