Әскери бөлімдерде әлімжеттік жойылмай тұр (ВИДЕО)

Қарулы күштер өкілдері мұны жасырмайды деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Олар әрбір оқиға бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылатынын айтты.  Көктемде Қарулы Күштердің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және Ұлттық ұланның қатары тағы 17 мың сарбазбен толығады. Жастарды әскери борышын өтеуге ынталандыру үшін жеңілдіктер енгізілмек.

«Бұрын жеңілдіктер болған. Әскери қызметін өтегендердің отбасына коммуналдық шығынның 50 пайызы төленетін. Қазір білім беру, коммуналдық төлем, сыйақы беру секілді ұсыныстарымызды тиісті министрліктермен келісудеміз. Тәртіпке келсек, әскери қызметшілер арасында әлімжеттік жағдайлар болып жатыр. Гарнизондарда бақылауды жүзеге асыратын әскери полиция жұмыс істейді», – деді  ҚР Қарулы Күштері бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов.

 

Comments (0)
Add Comment