Құрметті қала тұрғындарының назарына! Тараз қаласы әкімдігі «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді.
Бұл мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
Қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz, www.elicense.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті құжаттармен қоса жолдайды. Қызметтің көрсетілу мерзімі 6 жұмыс күнін құрайды және қызметтің көрсетілу нысаны толығымен автоматтандырылған, яғни электронды түрде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушының «Жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу кезеңі 1 наурыздан 30 маусым аралығы және 1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейінгі аралықты қамтиды. Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекенжайлары:
– Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz;
– www.egov.kz порталында орналастырылған.
Қызметтің қорытындысы, яғни қызмет көрсетілгені немесе бас тартылғаны туралы ақпарат әр азаматтың «Электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне хабарландыру ретінде келіп түседі.
Осы заңдарға сілтемені төменде көрсетілген QR-кодты сканерлеу арқылы толық көре аласыздар.
Тараз қаласы әкімі аппаратының
мемлекеттік көрсетілетін қызметті
мониторингілеу бөлімшесі