Әскер қатарына шақыру маусымының жұмысымен танысты

   ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбековтің Жамбыл облысына жұмыс сапары жалғасуда. Бүгін халық қалаулысы облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментке аялдап, әскер қатарына шақыру маусымының жұмысымен танысты.
– Әскери қуатымызды арттырып, Қарулы күштеріміздің әлеуетін кеңейту аса маңызды. Мемлекет басшысының да бізге жүктеп отырған тапсырмасы – осы. Сондықтан да жастарды әскер қатарына шақырып, оларды ынталандыру шараларын белсенді ұйымдастыруымыз қажет. Жыл басындағы қаңтар оқиғасы қорғаныс саласындағы олқы тұстарымызды көрсетіп берді. Ендеше соан сабақ алғанымыз абзал, – деген Бекбол Серікбекұлы әскер қатарына шақырылған жастармен де жүздесіп, ой-пікірлеріне құлақ түрді.

 

Comments (0)
Add Comment