Өскеменнің тұрғындары қала зиратының қоқысқа айналғанына шағымданып жатыр деп хабарлады turkystan.kz AltayNews порталына сілтеме жасап.
Тұрғындар бұзақылар мен металл жинаушылардың зиратта жүргеніне шағымданып, көптеген қабірлерде темір қоршаулар мен ескерткіштердің жоғалып кеткенін айтады.
Зират қала әкімдігінің қарауында. Қаланың коммуналдық қызметтері зираттан қоқыс шығаруға жауап береді. Солай бола тұра, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Денис Федченко азаматтар өздерінің артынан қалған қосқыстарын тазаламаса, жағдайдың қайталана беретінін айтты.
«Зират үлкен. Онда күзетші бар. Бірақ біз оған кімдердің келіп-кетіп жатқандарын қадағалай алмаймыз. Әрбір адам тәртіпті өзінен бастауы керек», – деді ол.