Өскемен көшесінде қан-жоса болып жүрген ер адам тұрғындарды үрейлендірді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kznews.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері ол адамды дереу ұстады. Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінші, ол қаланың Михаэлис көшесінде жүрген. Полиция да оны сол жерде ұстап, әрекетіне қатысты жауап алды. Белгілі болғандай 37 жастағы тұрғын пәтерінің подъездінде өз-өзіне қол жұмсамақ болып, денесіне жарақат келтірген. Қазіргі уақытта полиция оған қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Іс бойынша тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.