АҚШ әскерилерінің Сириядағы арнайы операциясы барысында ДАИШ (Ислам мемлекеті) жетекшісі Абу Ибрагима аль-Хашими аль-Курайшидің көзін жойды, деп жазды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Арнайы операция кезінде АҚШ әскері басып алған тұрғын үйдің екінші қабатына зымыран түсіп, 13 бейбіт тұрғын қаза тапты. Қалғандары жанкештінің өзін-өзі жарып жіберуі салдарынан және қақтығыс кезінде қаза тапқан. Бейбіт құрбандардың ішінде 6 бала мен 4 әйел бар.
Ресми ақпаратқа сәйкес, қаза тапқандардың барлығы ДАИШ лаңкестерінің отбасы мүшелері екен. Тек бір ер адам мен бір әйел кездейсоқ соғыс аймағына кіріп кеткен.
Атап айтқанда, бұл АҚШ әскери күштерінің Сириядағы 2019 жылдан бергі ең үлкен рейді. Сол операция кезінде ДАИШ-тың негізін қалаушы әрі жетекшісі Әбу Бәкір әл-Бағдадидің көзі жойылған болатын. Ал Абу Ибрагима аль-Хашими аль-Курайши сол жылдың күзінде «Ислам мемлекетінің» халифі болып жарияланды.