Шындықтың шырақшысы – Шераға

Шындықтың жаршысы болған Шерхан Мұртазаның шығармашылығы келешек ұрпаққа қашанда үлгі. Қарымды қаламгердің Мұртазаның 90 жылдық мерей тойына арналған «Шындықтың шырақшысы – Шераға» атты халықаралық ғылыми-практикалық семинар Ұстаз институтының  ұйымдастыруымен өтті.

Халықаралық дәрежеде өткізілген іс-шараны «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор Абдықадырова Тұрсынай Рыстайқызы жүргізді. Шерхан Мұртазаның шығармашылық лабараториясы, оның бүгінгі жаңа Қазақстанның жастарын тәрбиелеуге тигізетін ықпалы жайлы тыңғылықты баяндады.

   

Семинар жұмысында басты баяндамашылар ретінде Түркия республикасының Памуккале университетінің профессорлары Мұстафа Арслан, Салих Мехмед Арчин сөз алып Шерхан Мұртаза шығармаларының түркілік дүниетанымда алатын орны, мәні мен маңызы жайлы тың деректерді айтты. Сонымен қатар, отандық шерхантанушы ғалымдар М.Х.Дулати университетінің профессоры Көпбаева Меруерт Рахымбайқызы, Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің қауымдастырылған профессоры Жақсылықбаева Римма Серікәліқызы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ тіл білімі кафедрасының қауымдастырылған профессоры, жазушы, сыншы, шерхантанушы ғалым, «Ғибраты мол ғұмыр» сериясымен шыққан «Шерхан Мұртаза»  монографиясының авторы Тұрлыбек Ілиясұлы Мәмесейіттің жұбайы Гүлнар Бейсенқызы, Халықаралық Тараз инновациялық институтының қауымдастырылған профессоры Меңдібай Әбілұлы, Жазушылар Одағының мүшесі, шерхантанушы Ерман Абдиев,  Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Жақып Бейсенұлы баяндама жасап Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы жайлы ғылыми әрі мазмұнды деректер айтты.

Жазушы шығармашылығының жаңашылдық сипатын танытты. Қазіргі таңда М.Х.Дулати университеті жастары тарапынан да Шерхан Мұртаза шығармашылығы тыңғылықты түрде зерделеніп жатқандығының көрінісі ретінде Камила Алиева баяндама жасап жазушының баспа беттерінде жарияланбаған естелік суреттері мен басқа да құнды ақпараттарымен бөлісті.

 

 

Comments (0)
Add Comment