Шымкентте өзіне қол салған оқушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте 5-ші қабаттан секіріп кеткен оқушының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ”Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап.

Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабымен іс қозғалды.

Келеңсіздік «Асар-2» шағын ауданында түнде болған. Үй тұрғындары осы жағдайдан қатты шошынып қалғандарын айтты.  Көршілерінің білуінше бұл отбасы үлгілі жанұялардың бірі. Сондықтан не болғанын тіпті топшылай да алмайды. Ал, 16 жастағы қыз бала түнде түрлі дене жарақатымен ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген.

«Бәріміз ес жия алмай қалдық. Бәріміз уайымдап отырмыз. Бұл отбасын мен өзім үлгілі отбасы ретінде білемін, танимын. Әке-шешесі өте тәртіпті-тәрбиелі адамдар. Қазір шыны керек үй ішімізбен уайымдап отырмыз. Намаз оқитын, хиджабта жүретін, әке-шешесі де жақсы, ішпейді, шекпейді», – дейді көршісі Айгүл Кораласбаева.

«Осы жерде көрші боп тұрамын. Осы маған қарама-қарсы 5 қабаттатұрады. Кеше кешкісін естідік, 11 шамаларында осындай деп. Енді танысып жатырмыз ғой , бірақ ата-анасы жақсы адамдар еді», – дейді көршісі Нұржамал Телегенова.

11-сынып оқушысының өзіне қол салуына не себеп болғаны әзір белгісіз. Бейресми ақпарат көздеріне сүйенсек, қыз бала отбасында әкесімен кикілжіңге келіп қалған. Ал анасы басқа қалада жұмыс істейтін көрінеді. Енді бұның анық -қанығын полиция анықтамақ. Қазір осы оқиға бойынша  тергеу басталып кетті.

Comments (0)
Add Comment