Шымкентте жүк көлігі велосипед мінген әйелді қағып өлтірді

Шымкентте жүк көлігі велосипед мінген егде жастағы әйелді қағып кетті. Алған жарақатының салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Жүк көлігі 50 жастағы әйелді Тәуке хан даңғылының бойында қағып кеткен. Қайғылы оқиға 12 қыркүйек күні сағат 19:00 шамасында «Фиркан Сити» сауда орталығының маңында болған.

Велосипед те, жүк көлігі де бір бағытта жол жүріп келе жатқан. Бір сәтте жүк көлігі әйелді қағып кеткен. Алған жарақатының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды. 38 жастағы жүргізуші велосипед мінген әйелді байқамағанын айтты.

Белгілі болғандай, жүк көлігінің жүргізушісі Қарағанды облысының тұрғыны. Ал жол апатының өзге мәліметтері әзірге анықталуда.

Comments (0)
Add Comment